Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары аяқталды

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары аяқталды
Футбол

Чемпионат

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Порту» (Португалия) мен «Арсенал» (Англия) кездесуінде жалғыз гол соғылды. Оны португалиялық командадан Вендерсон Галено Отавио 94-минутта өзінің еншісіне жазды. Осылайша «Порту» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания) командалары 1:1 есебімен тең түсті. Ойында италиялық командадан Виктор Осимхен 75, Роберт Левандовски 60-минутта мергендігімен көзге түсті.

20 ақпанда өз алаңында Италияның «Интері» Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 1:0 есебімен жеңсе, Нидерландтың ПСВ командасы мен Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы 1:1 есебімен тең ойнады.

Енді қарымта ойындар 5,6, 11, 12 наурыз күндеріне белгіленген.