Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рекордық көрсеткішке қол жеткізді. Қазақстандық теннисші 23-тен 21-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингідегі ең үздік нәтижесі. Сондай-ақ Александр Шевченко 57-ден бірден 45-ке шықты. Манама (Бахрейн) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 231-ден 163-ке жоғарылап, еліміздің үшінші ракеткасы атанды. Денис Евсеев 178-ден 179-ға, Бейбіт Жұқаев 189-дан 192-ге, Тимофей Скатов 276-дан 277-ге сырғыды.