Зидан «Баварияға» баруы мүмкін

Зидан «Баварияға» баруы мүмкін
Футбол

Football.ua

Зинедин Зидан биылғы жазда бапкерлік қызметке оралуы мүмкін,деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазір француз маманына «Бавария» қызығушылық танытып отыр. Corriere dello Sport мәліметінше, неміс клубының өкілдері Зиданға хабарласып та үлгерген. 2021 жылдан бері жұмыссыз жүрген Зидан Томас Тухельдің орнын басуы мүмкін үміткерлердің арасында көш бастап тұр.

Белгілісі, «Реалдың» бұрынғы жаттықтырушысы қазір неміс клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

БАҚ өкілдері Тухельдің клубтағы абыройы төмендеп, бақылауды жоғалтып алғанын жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, 51 жастағы Зидан 2016-18 және 2019-21 жылдар аралығында «Реалды» баптаған.