«Манчестер Сити» Мбаппеге таласып көрмек

«Манчестер Сити» Мбаппеге таласып көрмек
Футбол

Sportbox

Ағылшынның «Манчестер Сити» клубы «Пари Сен-Жерменнің» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппені қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Bola Sport мәліметінше, «қалалықтар» француз ауысуы мүмкін деген «Реал Мадридке» бәсекелес болмақ. Мбаппе мадридтік команданың айлығын азайтамыз деген ұсынысына аса көңілі толып жүрген жоқ, осы сәтті «Сити» тиімді пайдаланып кетуі мүмкін.

Дереккөздің жазуынша, бастапқыда Мбаппе «корольдік» клубта төмендеу айлыққа келіскенімен, клуб басшылығы оның жалақысын тым азайтып тастаған тәрізді, бұл өз кезегінде француздың наразылығын туғызды.

Бұған дейін Мбаппенің өкілдерінің бірі «Манчестер Ситимен» келіссөздерге қатысқаны туралы ақпар тараған.