«Астана» жартылай қорғаушысымен келісімшартты ұзартты
Футбол
«Астана» Фабьен Урегамен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жартылай қорғаушымен жаңадан жасалған келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жарамды, онда тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
«Астана» футбол клубы Фабьенді жаңа маусыммен құттықтап, команда сапында биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді! - делінген мәліметте.