Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті
Теннис
ҚР ҰОК
Әлемнің 338-ракеткасы қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 821-орында тұрған америкалық Аксель Нефвемен кортқа шықты. Д.Попко өткен аптада Санрайзда А.Нефвені 6:7 (9:11), 7:5, 6:2 есебімен жеңген еді. Бұл жолы Дмитрий кездесуді екі сетпен аяқтады 7:6 (7:1), 6:2.
Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемнің 440-ракеткасы, румыниялық Габи Адриан Бойтанмен таласады.
Ал Жібек Құламбаева жұптық сында таиландық Ланлана Тарарудимен бірге Таиландтағы ITF додасының жартылай финалында сүрінді. Олар қытайлықтар Шуо Фэн – Ушуан Чженге жол берді – 2:6, 4:6.