Испания клубы Мбаппенің суретін жариялады

Испания клубы Мбаппенің суретін жариялады
Футбол

twitter.com/GetafeCFen

Испанияның «Хетафесі» әлеуметтік желідегі парақшасында француз Килиан Мбаппенің клубтың жейдесін киген суретін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ла Лига клубы «Реал Мадрид» «құда түсіп» жүрген ПСЖ шабуылшысының трансферін меңзеп тұрғандай болды.

Тик-так... - делінген «Хетафенің» жазбасында тасбақа да бейнеленген.

Жазбада тасбақаның суреті тұруы бекер емес. Себебі французды сыртқы келбетіне қарап тасбақаға ұқсататындар көп.

Мбаппе ПСЖ сапын 2018 жылы толықтырды. Оның трансферлік құны 180 миллион еуроны құрады. Ал оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін есептелген.