Суарес карьерасына қатысты шешімін жариялады

Суарес карьерасына қатысты шешімін жариялады
Футбол

©twitter.com/InterMiamiCF

«Интер Майами» шабуылшысы Луис Суарес карьерасын американдық клубта аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

37 жастағы уругвайлықтың МЛС клубымен келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін жасалған.

«Интер Майами» карьерамдағы соңғы клуб болады. Отбасым бұл туралы біледі. Әзірге қашан аяқталатынын білмеймін, бірақ бұл соңғы аялдама болады. Қазір бұл сөздерді айтып жатып-ақ көзіме жас үйірілетін секілді. Бірақ бұған да дайындықпен келу керек. Бұрынғы футболшының айтқаны бар: «футболшылар ешқашан карьерасын аяқтауға дайын болмайды», - деді Суарес Del Sol FM-ге берген сұхбатында.

Суарес өз карьерасында «Аякс» (Нидерланд), «Ливерпуль» (Англия), Испанияның «Барселона» және «Атлетико» клубтары мен бразилиялық «Гремио» мен өз елінде «Насьональда» өнер көрсеткен.