24 жастағы жартылай қорғаушы «Оқжетпес» ойыншысы атанды

24 жастағы жартылай қорғаушы «Оқжетпес» ойыншысы атанды
Футбол

"Оқжетпес" ФК

Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы 24 жастағы жартылай қорғаушы Дәурен Жұматты қатарына қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ойыншы «Оқжетпес» сапын еркін агент ретінде толықтырған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Жұмат көкшетаулық клубта жалға беру құқығымен өнер көрсеткен. Негізі Түркістан облысының «Мақтаарал» клубына тиесілі.

Көкшетаулықтар сапында 24 жастағы футболшы 9 матч өткізіп, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді.