«Бавария» Чемпиондар лигасында антирекорд орнатты

«Бавария» Чемпиондар лигасында антирекорд орнатты
Футбол

Спорт-Экспресс

Мюнхеннің «Бавария» клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші матчында римдік «Лациодан» жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz.

стеріңізге сала кетейік, командалар кездесуі Римдегі «Олимпико» стадионында өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқатлды - 1:0. Жалғыз голды 69-минутта Чиро Иммобиле соқты. Бұл матчта Дайо Упамекано алаңнан қуылып (67-минут), «Бавария» он ойыншымен қалды.

Томас Тухель командасы үшін бұл – Чемпиондар лигасының осы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Топтық кезеңнің алты матчын мюнхендіктер өз пайдасына шешіп, 16 ұпаймен А тобындағы турнир кестесінде бірінші орын алған еді.

Сонымен қатар «Бавария» тарихта алғаш рет «Лациодан» ұтылды. Бұған дейін командалар 2021 жылы екі рет кездескен. Сол кезде Чемпиондар лигасында неміс клубы екі рет жеңіске жетті.

Сондай-ақ «Бавария» 2011 жылдан бері ЧЛ-да алғаш рет италиялық клубқа жол берді. «Лацио» ЛЧ плей-офф тарихында екінші жеңіске жетті. Бұған дейін 2000 жылғы ширек финалда римдіктер «Валенсияны» жеңген (1:0).