Мбаппе Чемпиондар лигасында ерекше рекорд орнатты
Футбол
Чемпионат
Француздың «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші матчында «Реал Сосьедадқа» (2:0) қаосы ойында ерекше рекорд орнатты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Opta Sport мәліметінше, француз – өз алаңында өткен он ойында негізгі құрамда шығып, кемінде бір гол соққан турнир тарихындағы алғашқы ойыншы.
«Реала Сосьедад» қақпасына соғылған жеңіс голы 25 жастағы шабуылшы үшін Чемпиондар лигасының 68 матчындағы 44-голы болды. 26 жасқа дейін гол соққандар арасында көш басында әзірге Лионель Месси тұр – 59 гол.
Биылғы маусымда Килиан Мбаппе клуб сапында барлық турнирде 30 матчқа қатысып, 31 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.
Transfermarkt оны 180 млн еуроға бағалайды.