«Канелоның» қарсыласы анықталды

«Канелоның» қарсыласы анықталды
Бокс

©Allboxing

Орта салмақта (76,2 кг) абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (60-2-2, 39 КО) 4 мамырға жоспарланған кездесуінде отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

Дереккөздердің мәліметінше, боксшылар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Алайда The Ring Альварес WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы американдық Джермелл Чарломен (33-0, 22 КО) кездеседі деп жазып жатыр.

«Канело» да американдықпен бокстасатынын мәлімдеді. Яғни Мунгия күзге дейін күтуі керек.