Бразилия құрамасы Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылды

Бразилия құрамасы Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылды
Футбол

pixabay.com

Бразилия ұлттық құрамасы Париж олимпиадасына іріктеудің топтық кезеңінің үшінші турында Аргентинаға есе жіберді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Матч 0:1 есебімен аргентиналықтардың пайдасына шешілді. Ал жалғыз голды Лусиано Гунду соқты. Осылайша Бразилия ұлттық құрамасы өз тобында үшінші орын алып, Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндіктен айырылды.

Команда үш ойында небәрі үш қана ұпай еншіледі. Ал Аргентина өз тобында көш бастап тұр, яғни 2024 жылғы Олимпиада ойындарына тікелей жолдама алды деген сөз.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.