Гарри Кейн Бундеслигада 60 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Гарри Кейн Бундеслигада 60 жыл бұрынғы рекордты жаңартты
Футбол

euroline.by

«Бавария» шабуылшысы Дортмундтың «Боруссиясы» қақпасына үш гол соғып, Бундеслиганың 60 жыл бұрынғы рекордын жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Матчтың тоғызыншы минутында «Баварияның» 30 жастағы ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн Бундеслигадағы 10-ойынында 13-голын соқты. Осылайша ол «Шалькенің» неміс футболшысы Клаус Матишактың 1963/64 маусымдағы, яғни 60 жыл бұрынғы рекордын қайталады. Ал артынша тағы екі гол соғып, Бундеслигадағы он ойында 15 голдың авторы атанды.

Бұл маусымда Кейн «Бавария» сапында барлық турнирде 17 гол соғып, 7 рет нәтижелі пас берді.

«Боруссия» мен «Бавария» арасындағы матч 0:4 есебімен аяқталды.

«Бавария» 26 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр. Көш басында 28 ұпайы бар «Байер» келеді. Ал 21 ұпайға ие «Боруссия» төрттікке енген.

Англияның сұрмергені «Бавария» қатарын 2023 жылғы тамызда толықтырды. Ал трансферлік бағасы 100 млн еуро болды.