«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкеріне қатысты шешім қабылданды

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкеріне қатысты шешім қабылданды
Футбол

euro-football.ru

Нидерланд маманы Эрик тен Хаг «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметін жалғастырады. Бұл туралы тілші Стив Бэйтс әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады BasSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, ағылшын клубының 54 жастағы маманмен қоштаспақ ниеті жоқ. Тен Хагтің отставкасы жайлы әңгіме тек клуб маусымды сәтсіз қорытындылаған жағдайда ғана көтеріледі.

Тен Хаг «Манчестер Юнайтед» тізгінін 2022 жылғы сәуірде алды. Оның қоластында команда 2022/23 маусымда Англия футбол лигасының кубогына иелік етті.

Әзірге «қызыл сойқандар» АПЛ-да алтыншы орында келеді. Олар 23 турда 38 ұпай жинаған.