Құламбаева Мумбайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Құламбаева Мумбайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Мумбай (Үндістан) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге ширек финалда франциялық Кароль Монне – ресейлік Екатерина Яшинамен өзара кім мықтыны анықтады. 

Бір сағат 20 минутқа созылған кездесуде қазақстандық-оңтүстіккореялық дуэт 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Жібек Құламбаева – Со Хен Пактың жартылай финалдағы қарсыластары енді анықталады.