«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Түркия клубына ауыспақ

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Түркия клубына ауыспақ
Футбол

championat.com

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Кристиан Эриксен жуық арада жалға беру құқығымен Түркияның «Галатасарайына» ауыспақ, деп хабарлайды BasSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, жалға беру келісімінде сатып алу мәселесі қарастырылған. Егер тараптар келісе алса, даниялық футболшы Түркияға аттанбақ. Себебі Түркияда 9 ақпанда трансферлік терезе жабылады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда Эриксен барлық турнирде 19 матчқа қатысып, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Transfermarkt оның нарықтық құнын 13 млн еуроға бағалайды.