Мбаппенің «Реалдағы» жалақысы белгілі болды

Мбаппенің «Реалдағы» жалақысы белгілі болды
Футбол

Спорт-Экспресс

Француздың ПСЖ клубының футболшысы Килиан Мбаппе Мадридтің «Реалында» бір маусымда 60 миллион еуро табады, деп хабарлайды BasSport.kz.

El Debate мәліметінше, «Реалмен» келісімшартқа қол қойғаны үшін Мбаппе €100 миллион бонус алады. Футболшы 2024 жылдың жазында «Реалға» ауысады. Ойыншының испан командасымен келісімшарты алты жылға жасалмақ.

Мбаппе 2018 жылдан бастап ПСЖ-да өнер көрсетеді. Париж клубымен келісімшарт мерзімі 2024 жылдың жазында аяқталады, сондықтан ойыншы Реал Мадридпен алдын ала келісімшарт жасай алады.

Биылғы маусымда Мбаппе ПСЖ сапында барлық турнирде 25 матчқа қатысып, 26 гол соғып, үш гол берді.