Холанд «Реалға» ауыса ма? Гвардиола пікір білдірді

Холанд «Реалға» ауыса ма? Гвардиола пікір білдірді
Футбол

©instagram.com/erling.haaland

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд «қалалықтар» сапында әлі бірнеше жыл ойнайды деп үміттенеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Реалдың» қызығушылық танытуы келіссөздерді жылдамдатуы мүмкін дейсіздер ме? Білмеймін, мен бұған қатыспаймын. Біз оны жақсы көреміз, клубта ұзағырақ қалғанын қалаймыз. Оның клубымыздың мүшесі екеніне қуанамыз, бізбен бірге ойнайтыны үшін ол да бақытты шығар үміттенемін, - деді Гвардиола.

Холанд «Манчестер Ситиге» Дортмундтың «Боруссия» клубынан 2022 жылы ауысып келген. Оның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылғы 30 маусымға дейін жарамды.