«Манчестер Юнайтед» маусымда алғаш рет қатарынан төрт ойында жеңілген жоқ

«Манчестер Юнайтед» маусымда алғаш рет қатарынан төрт ойында жеңілген жоқ
Футбол

Эрик тен Хагтің «Манчестер Юнайтед» клубы Англия Премьер-лигасының аясында маусымда алғаш рет қатарынан төрт матч жеңіліссіз сериямен келеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Нидерланд маманының шәкірттері АПЛ 22-туры аясында сырт алаңда «Вулверхэмптонды» ұтты – 3:4. Осылайша «қызыл сойқандар» соңғы төрт ойында ұтылған жоқ.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» Англия кубогы аясында «Уиган» (2:0) мен «Ньюпортты» ұтты (4:2).

Бұдан бөлек «Тоттенхэммен» тең ойнады (2:2).

Енді олар алдағы кездесуін «Олд Траффордта» «Вест Хэм Юнайтедпен» ойнайды.

Қазір «Манчестер Юнайтед» 35 ұпаймен чемпионатта жетінші орында келеді.