Қостанай клубына сербиялық футболшы келді

Қостанай клубына сербиялық футболшы келді
Футбол

vk.com/fctobol

Сербиялық орталық қорғаушы мансабын Қостанай клубында жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Миладинович Сербияның Чуприя қаласында дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамын «Ягодина» жасөспірімдер командасында бастады. Кейін Сербия ойыншысы «Табане», «Слога» және «Раднички» сияқты клубтарда ойнады.

2018 жылы ресейлік «Сочи» клубымен келісімшартқа отырды. Содан кейін ол «Нижний Новгородта» бір жыл өткізіп, «Сочиге» қайта оралды. «Сочи» сапында Иван 116 матчта алаңға шығып, 3 гол соқты, 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Туған күні: 14 тамыз 1994

Бойы: 189 см

Салмағы: 83 кг

Позиция: қорғаушы

Азаматтығы: Сербия