«Ливерпуль» жаңа бас бапкер тапты

«Ливерпуль» жаңа бас бапкер тапты
Футбол

Reuters

Англияның «Ливерпуль» клубы Юрген Клопптың орнын басатын маман іздеп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Todofichajes мәліметінше, мерсисайдтықтардың басшылығы Зинедин Зиданға көз тігіп отыр. «Ливерпуль» өкілдері француздың қарамағындағыларға хабарласып та үлгерген.

Зидан 2021 жылдан бері жұмыссыз. Ол Мадридтің «Реалында» 2016-18 жылдары, сонан соң 2019 бен 2021 жылдар аралығында бас бапкер болды. «Корольдік» клубпен бірге Испанияның екі дүркін чемпионы атанып, Суперкубокты да екі рет иеленді. Бұдан бөлек Чемпиондар лигасында үш рет топ жарды.

Бұған дейін Юрген Клопп маусым соңында «Ливерпульден» кететінін мәлімдеген.