Месси мен Суарестің «Әл-Хиляль» клубына шамасы жетпеді

Месси мен Суарестің «Әл-Хиляль» клубына шамасы жетпеді
Футбол

Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубы мен американдық «Интер Майами» арасындағы матч голға толы болды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ойын Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп, «Әл-Хиляльдің» жеңісімен аяқталды - 4:3. Жеңімпаздар сапынан Александар Митрович (10-минут), Абдулла әл-Хамдан (13-ші), Майкл (44-ші) және Малком (88-ші) көзге түссе, «Интер Майамиден» Луис Суарес (34-ші), Лионель Месси (54-ші, пенальти) және Давид Руис (55-минут) мергендік танытты. 

Бұл кездесуге «Әл-Хиляльдің» басты жұлдызы Неймар қатысқан жоқ, ол қазір жарақатын емдеп жатыр, дәрігерлер бразилиялықтың алаңға сәуірден ерте оралмайтынын айтқан.