Сауд Арабиясы нөмір бірінші чемпионатқа айналмақ

Сауд Арабиясы нөмір бірінші чемпионатқа айналмақ
Футбол

Спорт-Экспресс

Сауд Арабиясы корольдігінің өкілі, ханзада Абдулла Саад Абдулазиз Әл Сауд футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының әлеуетіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазір Сауд Арабиясы нарықтың көшінде келеді. Бізде Криштиану Роналду, Карим Бензема ойнайды… Чемпионатымыз өте мықты, әрі қарай да таңғалдыруды жалғастыра береміз. Лигамызға келетін жұлдыздар саны артады. Сауд Арабиясы жақын арада футболдан №1-ге айналады, - деді ол RMC Sport-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазір бұл чемпионатта Криштиану Роналду мен Карима Бенземадан бөлек Н'Голо Канте, Роберто Фирмино, Марцело Брозович, Сергей Милинкович-Савич, Алекс Теллес, Малком, Рияд Махрез, Фабиньо, Садио Мане, Неймар, Эмерик Лапорт, Яссин Буну және өзге жұлдыздар ойнайды.