Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Бокс

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы салмақта WBA белдігіне ие кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жәнібек Лараға біріктіруші айқас өткізу туралы ұсыныс жасады. Лара, қайдасың? Төбелесейік! Биыл менде төрт белдік болуы керек! Чемпион чемпионмен ғана жұдырықтасуы қажет, - деп жазды Әлімханұлы өзінің Х-тегі парақшасында (бұрынғы Twitter).

Айта кетейік, Эрисланди Лараның австралиялық Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) айқас өткізетіні белгілі. Бұл кездесу Лас-Вегаста 30 наурызға жоспарланған.

Лара рингке 2022 жылғы мамырдан бері шыққан жоқ.