Қазақстан хоккейшілері Канвонда қола жүлдеге қол жеткізді
Хоккей
Қысқы спорт
Нұрғали Жұмағазы
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында 3×3 хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші орынға қол жеткізді. Қола медаль үшін таласта жерлестеріміз Австриядан 6:5 есебімен басым түсті.
Қазақстан - Аустрия - 6:5 (4:1, 1:2, 1:2)
Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге үш медаль бар: 1 алтын және 2 қола.
3х3 хоккейде өнер көрсеткен өрендеріміз:
Темірлан Айболұлы,
Бексұлтан Мақыш,
Арсений Кучковский,
Әділхан Саттар,
Никита Кулаков,
Матвей Решетько,
Расул Тұрсынов,
Арман Төлен,
Жахангер Тілеухан,
Таир Бигаринов,
Егор Кравченко, Роман Мичуров,
Әнуар Ахметжанов.