«Манчестер Юнайтед» футболшылары бас бапкерге көңілі толмайды

«Манчестер Юнайтед» футболшылары бас бапкерге көңілі толмайды
Футбол

Footballhd.ru

«Манчестер Юнайтед» футболшылары команданың бас бапкері Эрик тен Хагтің жаңа әдістеріне көңілі толмайды. Бұл туралы The Athletic-ке сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, ағылшын клубының бапкері МЮ-дегі бұрынғы әріптестеріне қарағанда тактикалық талаптарға тым көп мән береді. Тиісінше клубтағы мұндай жаттығушылар жарты сағаттан бір сағатқа дейін созылады екен. Тиісінше футболшылар тым қарапайым әрі жаттанды жатығуларды қайталай беруден жалығып, шағым түсіре бастаған. Клуб басшылығы да жаттығулардың тиімділік деңгейі түсіп кете ме деп қауіптенетін көрінеді.

«Манчестер Юнайтед» биылғы ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде жетінші орында келеді. Эрик тен Хаг командасы 21 матчтан кейін 32 ұпай еншілеген.