УЕФА президенті еуропалық және араб футболының айырмашылығын атады

УЕФА президенті еуропалық және араб футболының айырмашылығын атады
Футбол

championat.com

УЕФА президенті Александер Чеферин еуропалық және Сауд Арабиясы футболындағы айырмашылықты атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Еуропалық футболың түбірі тереңде жатыр. Ол біздің мәдениет пен тарихтың бір бөлшегі. Оны сатып ала алмайсың. Мүмкін емес. Ойыншылар Сауд Арабиясына тек тиімді келісімшарт үшін ғана барады. Бұл үшін оларды айыптай алмаймын. Егер карьерасын аяқтауға жақын болса, көп табыс тауып, жаңа бір өмірді бастауға мүмкіндік алады, – деді Чеферин The Telegraph-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сауд Арабиясына Рияд Марез, Малком, Неймар, Эдуард Менди, Фабиньо, Садио Мане, Эмерик Лапорт, Марсело Брозович, Алекс Теллес, Янник Карраско, Александр Митрович, Калиду Кулибали, Рубен Невеш, Джордан Хендерсон, Жоржиньо Вейналдум секілді мықтылар кеткен.