«Манчестер Сити» «Жиронаның төрт ойыншысына көз тікті

«Манчестер Сити» «Жиронаның төрт ойыншысына көз тікті
Футбол

sport24.ua

«Манчестер Ситидің» спорттық директоры Чики Бегиристайн «Жиронаның» «Севильямен» өткен ойынын (5:1) тамашалады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Crónica Global мәліметінше, сондағы басты мақсат матчта хет-трик жасаған шабуылшы Артём Довбиктің, бір гол соққан жартылай қорғаушы Виктор Цыганковтың әлеуетінм бақылау болған. «Ситидің» спорттық директоры шабуылшы Савио Морейра мен жартылай қорғаушы Ян Коутудың да ойынын бақылаған.

«Ситиден» бөлек «Жирона» футболшыларына «Барселона» да қызығушылық танытып отыр. Каталон клубы бірден бес ойыншыға көз тіккен.

«Жирона» City Football Group спорттық холдингінің құрамына кіреді, сондықтан Довбиктің болашағына қатысты соңғы шешімді «Манчестер Сити» қабылдайды.