«Ювентус» А сериясында көш бастады

«Ювентус» А сериясында көш бастады
Футбол

dzen.ru

«Ювентус» А сериясының 21-туры аясында «Лечче» клубын жеңді, деп хабарлайды Basport.kz.

Кездесу 3:0 есебімен Турин клубының пайдасына аяқталды. Туриндіктер сапында Душан Влахович ойынның 59-шы және 68-минуттарында гол соғып, дубль авторы атанса, Глейсон Бремер мергендігімен көзге түсті.

Осылайша «Ювентус» 52 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде көш бастады. Екінші орында 51 ұпайы бар «Интер» (51) тұр.