«Біз бетінен қақпаймыз». Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы айтты

«Біз бетінен қақпаймыз». Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы айтты
Бокс

Осының алдында біраз уақыт Париж Олимпиадасына бокстан 71 келіде кім баруы мүмкін деген сұрақ көпшілікті мазалағаны жасырын емес. Өйткені Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов құрамаға оралады деген сыбыс тарады. Бірақ Елеусіновтің өзі кейін Шымбергеновке кедергі болмайтынын айтты. Ұлттық құрама бапкері Мырзағали Айтжанов комментатор Руслан Бақытжанға берген сұхбатында осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Данияр Елеусінов осы құрамадан шыққан боксшы  Жас боксшы болып құрамаға қосылды. Қоластымызда тәрбиеленді. Әкесі де ұлттық құраманың бапкері болды. Былайша айтқанда Олимпиада шыңын бағындыру тек қана бір боксшының не бір бапкердің ғана емес, бүкіл Ұлттық құраманың жұмысы деп ойлаймын. Сол сияқты қазіргі құрамадағы балаларға сондай жағдай жасалып жатыр. Министрліктен, федерациядан, спорт комитеті жұмыла көтеріп жұмыс істеуде. Осы Олимпиадада боксшыларымыз үмітті ақтап, елімізді қуантады деген ойламыз. Ал, енді Даниярдың құрамаға келіп-келмеу мәселесін өзі шешеді. Оған біздің есіміз әрдайым ашық. Қай боксшы болсын, келемін, қайтадан өз бағымды сынап, елге көмектесемін десе біз бетінен қақпаймыз, - деді Мырзғали Айтжанов.