Варан «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын ұзартқысы келеді

Варан «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын ұзартқысы келеді
Футбол

Footballhd.ru

«Манчестер Юнайтед» клубының қорғаушысы Рафаэль Варан командамен келісімшартын ұзартқысы келеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Sky Sports мәліметінше, футболшы өзінің агенттеріне «қызыл сойқандар» сапында ойнағысы келетінін айтқан.

Бұған дейін МЮ келісімшартты тағы бір маусымға созу пунктін қосқысы келмеген болатын. Футболшының қазіргі келісімі 2024 жылдың жазына дейін жасалған.

Биылғы маусымда 30 жастағы аяқ доп шебері АПЛ-да 12 матч өткізіп, бір гол соқты.