Карим Бензема ПСЖ-дан кетпек

Карим Бензема ПСЖ-дан кетпек
Футбол

Yasser Bakhsh / Getty Images

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубының француз шабуылшысы Карим Бензема қыста «Пари Сен-Жермен» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

Sports Zone мәліметінше, бұл трансферге париждіктердің президенті Нассер Аль-Хелаифи қызығушылық танытып отыр. Ол 36 жастағы французды алты айға жалға алмақ.

Бензема жазда кетеді деп болжанып отырған клубтың басты жұлдыздарының бірі Киллиан Мбаппенің орнын басады. Алайда ПСЖ-ның спорттық директоры Луиш Кампуш бұл трансферге қарсы екен.

Айта кетейік, Бензема Сауд Арабиясындағы жағдайға көңілі толмайды және клубтан кеткісі келеді. Одан қалды ауа райы мен көрерменнің матчтарға аз келетіні де көңілінен шықпайды екен.