ПСЖ-ның президенті Мбаппеге қатысты пікір білдірді

ПСЖ-ның президенті Мбаппеге қатысты пікір білдірді
Футбол

Football24.ru

БАҚ-та Килиан Мбаппе Мадридтің «Реалымен» келісімге келгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Француз Испанияға биылғы жазда кетеді деген мәлімет бар. Осыған орай ПСЖ клубының президенті Нассер Аль-Хелаифи пікір білдірді.

Килианның қалғанын қалаймын. Ол рас. Ол әлемдегі үздік футболшы, ал ПСЖ Килиан үшін ең жақсы клуб – ПСЖ, - деді Аль-Хелаифи RMC Sport-қа берген сұхбатында.

Сонымен қатар президент Мбаппені мазаламауға шақырды.

Килианға тыныштық беріңіздерші дегім келеді. Мен оған сенемін. Ол клубқа қарсы ештеңе істемейді. Біз бір отбасымыз. Ойыншыны қорғағым келеді. Командадағы әрбір ойыншы біз үшін маңызды, - деді басшы.

Мбаппе ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді, оның қазіргі келісімі 2024 жылғы жазға дейін жарамды.