Путинцева WTA 250 турниріне жолдама алды

Путинцева WTA 250 турниріне жолдама алды
Теннис

Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Австралия) WTA 250 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 115-орында тұрған австралиялық Кимберли Биррелмен кездесіп, жеңіске жетті. 

Бірінші партияда Путинцева 6:3 есебімен алға шыққан жерлесіміз екінші сетті де өз пайдасына шеше алды — 6:4. 

Бір жарым сағатқа созылған матчта Юлия 12 брейк-пойнттың жетеуін пайдаға асырды Қарсыласы 1 эйс және 4 брейк (9 брейк-пойнт) жасады.