Елена Рыбакина Брисбендегі турнирде топ жарды
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өткен (Австралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өзара кім мықтыны анықтады.
Бірінші сетте Елена қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ — 6:0. Екінші сетте басымдықты ұстап қалды — 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Елена Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.
Арина Соболенко 3 эйс жасап, 1 брейкпен шектелді.
Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.