Мбаппе өзінің болашағына қатысты ойын айтты

Мбаппе өзінің болашағына қатысты ойын айтты
Футбол

©PSG

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Киллиан Мбаппе Франция Суперкубогын жеңіп алғаннан кейін өзінің болашағы туралы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Биылға үлкен жоспар қойып отырмын, ол мен үшін өте маңызды. Қол жеткізуге тиіс трофейлер бар. Соның біреуін алып үлгердік. Болашағыма қатысты нақты шешім қабылдаған жоқпын. Әлі тағдау жасамадым. Былтыр клуб президентімен сөйлесіп, мен қандай шешім қабылдасам да, ұжым оны қабылдайтынына келіскенбіз. Ұжым әрі қарай да өз мақсатына жету жолында жұмысын жалғастыра береді және бұл өте маңызды – деді ол.

Бұған дейін Мбаппенің мансабын «Реал Мадридте» жалғастыруы мүмкін екені айтылған. Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2024 жылдың жазына дейін есептелген.

Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша, ойыншының нарықтық құны 180 миллион еуроны құрайды.