Қазақстандық теннисшілер жаңа жылды сәтті бастады
Қазақстан теннис федерациясы
Оклендте (Жаңа Зеландия) WTA 250 сериялы турнир өтіп жатыр, оған қатысып жатқан қазақстандық Анна Данилина жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жерлесіміз словакиялық Виктория Грунчаковамен дуэтте ширек финалда қытайлықтар Сию Ван / Юэ Юаньді жеңді – 6:4, 7:6 (8:6).
Ал Жібек Құламбаева Нонтхабуриде (Таиланд) өткен ITF W50 турнирінде ширек финалға жолдама алды. Грекиялық Сапфо Сакелларимен жұптасып өнер көрсетіп жатқан Құламбаева екі сетте Майя Хвалиньска (Польша) /Юки Наито (Жапония) жұбынан басым түсті — 6:4, 6:3.
Денис Евсеев (190 ATR) Австралияның Канберрасындағы Челленджер финалының ширек финалына өте алмады. Ол іріктеу кезеңінің екінші айналымында чех Якуб Меньшиктен (167 АТР) 4:6, 4:6 есебімен ұтылды.