«Ювентус» 17 жастағы футболшыны сатып алды

«Ювентус» 17 жастағы футболшыны сатып алды
Футбол

championat.com

Италияның «Ювентус» клубы Черногорияның «Будучности» клубының 17 жастағы ойыншысы Василие Аджичті қатарына қосты. Бұл туралы Forza Juventus-тің әлеуметтік парақшасына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, Турин клубы 17 жастағы ойыншыны 5,5 млн еуроға алған, сөйте тұра ол келесі жылдың жазынаа дейін жалға алу құқығымен «Будучности» клубында ойнай тұрады.

Василие – черногориялық команда тәрбиеленушісі. Ал негізгі құрамға биылғы жазда ілікті.

Аджич «Будучности» сапында 23 матчқа қатысып, алты гол соқты және екі нәтижелі пас берді.