«Ливерпуль» Мохамед Салахқа қатысты шешім қабылдады
BBC
«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах ағылшын клубымен жаңа келісімге қол қоя алады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Журналист Экрем Конур әлеуметтік желіде «Ливерпульдің» Салахпен келісімшартты 2027 жылдың жазына дейін ұзартуға мүдделі екенін жазды.
Естеріңізге сала кетейік, мысырлық футболшы 2017 жылы «Ромадан» «Ливерпульге» ауысты. Осы маусымда Салах ағылшын командасында барлық турнирде 26 матч өткізді, онда 16 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.
Transfermarkt интернет-порталының ақпараты бойынша, 31 жастағы ойыншының нарықтағы құны 65 млн еуроны құрайды.
Қазіргі уақытта мерсисайдтар 2023/2024 маусымының ағылшын Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орында келеді.
«Ливерпуль» алдағы матчын 1 қаңтар, дүйсенбіде өткізеді. Клопптың командасы АПЛ-ның 20-туры аясында «Ньюкаслмен» кездеседі.