«Астана» футболшысы «Ақтөбеден» шақырту алды

«Астана» футболшысы «Ақтөбеден» шақырту алды
Футбол

kff.kz

«Астана» клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев клуб ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, Дарабаев 2010-2012 жылдары өзі өнер көрсеткен «Ақтөбеден» шақырту алыпты. Ойыншы маусым соңында шешім қабылдайды деп күтілуде.

«Астана» алдағы уақытта Конференция лигасының қорытынды туры аясында сырт алаңда «Викториямен» (Пльзень) кездеседі.

Өз карьерасында Дарабаев «Атырау», «Шахтер», «Қайрат», «Ертіс», «Жетісу» және «Каспий» клубтарының намысын қорғады. Қазақстан құрамасы сапында 21 матч өткізіп, бір гол соқты.