Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Еуропа клубына ауысуы мүмкін

Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Еуропа клубына ауысуы мүмкін
Футбол

Meta-ratings.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанның жастар құрамасы мен елордалық «Жеңіс» клубының қақпашысы Әлішер Сүлеймен «Динамо» Брестке ауысуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

Беларусь клубының өкілдері қақпашыны назарға алып, алдағы уақытта клуб қатарына қосқысы келетін көрінеді. Сүлеймен «Жеңіс» сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетеді.

Астана клубының сапында ол 74 матч өткізіп, клубтың Екінші лигадан ҚПЛ-ға шығуына көмектесті. Қақпашы Қазақстан жастар құрамасы сапына шақыртылып жүр.