17 жастағы футболшы «Алтын доп» алуы мүмкін
Футбол России
Танымал португалиялық футбол агенті Жорже Мендеш «Пари Сен-Жермен» клубы мен Франция құрамасының 17 жастағы жартылай қорғаушысы Уоррен Заира-Эмеридің «Алтын доп» алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазірдің өзінде ол жартылай қорғаушылар арасында әлемнің үздіктерінің бірі саналады, бұл қарқынынан таймады деген сенімдемін. Бәлкім «Алтын доп» та алуы мүмкін. Уоррен – балаларға үлгі боларлық футболшы, 17 жасында-ақ нені қалай істеу керектігін жақсы біледі, - деді Мендеш GFFN-ге берген сұхбатында.
Заир-Эмри кішкентай кезінде «Обервилье» клубында ойнап, 2014 жылы ПСЖ академиясына ауысты. Биылғы маусымда ол париждіктер сапында 12 матч өткізіп, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Ал 18 қараша күні Франция сапында алғаш рет алаңға шығып, Гибралтар қақпасына гол соқты.