Анна Данилина Франциядағы турнирдің финалына жолдама алды

Анна Данилина Франциядағы турнирдің финалына жолдама алды
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Анжер (Франция) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жарыстың 2-ракеткасы А.Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда нидерландтық Бибиана Схоофс – бельгиялық Кимпберли Циммерманмен сынға түсті.

Тартысты өрбіген бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп тай-брейкте шешуші сәтте таразы басын өздеріне аудара алды – 7:6 (9:7).

Екінші сетте басымдылық айқын байқалды – 6:2.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Анна мен Александра эйс жасамағанымен, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Бибиана мен Кимпберли 2 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Данилина – А.Панованың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.