Юрген Клопп әлемдегі үздік қорғаушыны атады

Юрген Клопп әлемдегі үздік қорғаушыны атады
Футбол

Sportbox

Англияның «Ливерпуль» клубының бас бапкері Юрген Клопп Вирджил ван Дейкті әлемнің үздік қорғаушысы деп атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұған дейін де, бұдан кейін де солай болады. Вирджил – әлемдегі үздік қорғаушы. Сәтсіз өнер көрсеткен кездері болды ма десеңіз, иә, болды. Бірақ ондайды бастан өткермеген бір ойыншыны көрсетіңізші, танысайын. Бәріміз де ондайды бастан кешірдік.
Өткенге көз жүгіртсек, Рио Фердинандты алайық... Айыптағым келмейді, бірақ оның қателескен кезі болмады дейсіз бе? Әлде Яп Стам, Сами Хююпияларда ше? Олардың барлығы мінсіз өнер көрсетті дейсіз бе? Ешкім ондай бола алмайды. Сондықтан Вирджилдің біз үшін маңызы орасан, – деді неміс бапкері.