Луис Суареске «Алтын доп» табысталды

Луис Суареске «Алтын доп» табысталды
Футбол

dzen.ru

Шабуылшы Луис Суарес Бразилия чемпионатында маусымның үздік ойыншысы ретінде «Алтын доп» алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

36 жастағы шабуылшы голы (28) және нәтижелі пастары (11) бойынша көш бастады. Суарес «Гремио» сапында 33 матчқа қатысып, оның клубы турнирлік кестеде екінші орынға тұрақтады.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Суареске бұл сыйлықты бір кездері Уругвай құрамасындағы әріптесі Диего Лугано табыстады.

Маусым соңында Суарес Бразилиядан кетеді. Ол бұрынғы әріптесі Лионель Месси өнер көрсететін «Интер Майамиге» ауысады деген болжам бар.