«Ювентус» «Баварияның» аңызына көз тігіп отыр
«Ювентус» «Бавария» шабуылшысы Томас Мюллерді қатарына қосуға ниетті. Бұл туралы Sport Bild-ке сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, «бьянконери» басшылығы неміс футболшысының келісімшартты ұзартуына қатысты жайтты жіті бақылап отыр. Егер «Бавария» клуб аңызымен келісімшартты ұзартудан бас тартса, онда «Ювентус» Мюллерді еркін агент ретінде сапына қоспақ.
34 жастағы ойыншыға «Манчестер Юнайтед», «Интер» және «Милан» секілді клубтар да қызығушылық танытуда.
Мюллер «Бавария» сапында 16 жылдан бері ойнап келеді (2007 жылы). Биылғы маусымда ол мюнхендіктер сапында барлық турнирде 15 матч өткізіп, екі гол соқты және бес нәтижелі пас берді.
Оның қазіргі келісімшарты 2024 жылғы маусымға дейін есептелген. Ал Transfermarkt оның құнын € 12 млн деп бағалаған.