«Барыс» сырт айдындағы ойын алдында көшбасшысының қатарға оралатынын мәлімдеді

Астананың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт айдында Новосібірдің «Сибирь» клубымен өтетін матч алдында жақсы жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Елорда клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі матчқа команда капитаны Роман Старченко қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Сибирь» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

ҚХЛ-ның биылғы маусымында 39 ойыннан кейін «Барыс» 31 ұпайға қол жеткізсе, 40 ойын өткізген «Сибирь» 41 ұпайға ие.