Сабина Алтынбекова осы жылдағы жетістігі жайлы айтты

Қазақстанды волейболшы Сабина Алтынбекова босанғаннан кейінгі кезең мен осы жылғы жетістігінің құпиясы туралы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Әлемдегі көрікті волейболшы алдағы маусымға қойған жоспарын да жасырмады.

Баламды өмірге әкелген соң, үш айды араға тастап жаттығуға оралдым және aраб лигасының чемпионы атандым. Маусым мен үшін сәтті болды. Бастысы ең үлкен мотивациям әрі ең мықты жанкүйерім - ұлым бар. Қазір жаңа маусымға дайындығымды бастап кеттім, оның да өте сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ, - деді спортшы.

Айта кетейік, қазақстандық көрікті волейболшы "Әл-Васл" клубының намысын қорғайды.