Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы қоржынға төртінші алтынды салды

Бокс
olympic.kz
Қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Чемпионат Армения астанасы Ереванда өтті. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы үнді Джатинмен кездесті. Төрешілер шешімімен жерлесіміз жеңіске жетті - 4:1.
Осылайша Нұрасыл қоржынға әлем чемпионатының төртінші алтынын салды. Бұған дейін қыздарымыз үш алтын медальге иелік етті: Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Айсұлу Мұхит (66 кг).